"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанаталап отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жомарттық пен кеңпейілділік

15.02.2021

Сабақ :Өзін-өзі тану Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Адам болам десеңіз

 

Күні: 10.02.2021

 

Сынып 3

 

Сабақ тақырыбы

 

Сабақта негізделген оқу мақсаты

 

Сабақмақсаттары

 

Бағалаукритерийлері

 

Құндылықтардыдарыту

 

Пәнаралықбайланыстар

 

АКТ қолданудағдылары

 

Алдыңғы білім

 

Саралау

 

Бағалау

 

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Сабақтыңбасы

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Тыныштық сәті Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ – қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “ Мен Нұрмын... Нұр менің ішімде... ”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет

Сұрақтар:

1 Қандай сезімде болдыңыздар?

2 Өз нұрыңызды кімге бағыттадыңыз?

 

 

Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы).

Жомарт пен сараң бейнеролигін көрсету

Сұрақтар:

- Неліктен хан уәзірлерін сынады?

- Хан қандай шешімге келді?

- Кейіпкелердің қайсысы жомарттық танытты?

- Ханның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

- Ертегіден қандай құндылықты байқауға болады?

 

 

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

 

Сабақтыңортасы

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

Пейілі кең адам – қолында барын аямай, кем – кетікке барын бөліп беретін адам – жомарт адам және «жомарттық пейілмен болады» .

 

 

Дәйек сөз.

Адамның қадірлісі - жомарт кісі

Жүсіп Баласағұни
Дәйексөзді хормен оқыту, дәптерге жазып алу

Сұрақтар:

- Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

- Қандай адамды жомарт, кеңпейіл деп айтамыз? Неліктен?

- Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?

 

 

- Иә, балалар жақсылық жасағанда, кем кетіктерге көмектесер болсаңдар, оны жария етпей құпия сақтаған дұрыс, және мен жомарттық жасадым, мен жақсылық істедім деп барлық жүрген жерінде айтып жүрудің қажеті жоқ. Естеріңде болсын: жаны жомарт, қолы ашық, кеңпейілді адам өз ортасында сыйласымды, жарасымда өмір сүреді. Жомарт болу үшін дүние – дәулеттің болуы шарт емес.

 

 

Оқулықпен жұмыс

«Жомарт» мәтінді түсініп оқу

Сұрақтар:

1.Атымтай жомарттықты қалай түсіндірді?

2.Жомарттық жасаған адамды қалай сипаттар едіңдер?

2.Жомарт адамдардан қандай үлгі алуға болады?

3. Жомарт жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

4. Өздерің жомарттық, кеңпейілділік танытқан кездерің болды ма?

 

 

Шығармашылық жұмыс.

Постер жасау.

І . «Көңіл жомарттығы»  (Постер құрастыру).

II.«Қол  жомарттығы»  (Постер құрастыру).

III.«Жол  жомарттығы»  (Постер құрастыру).

 

Жағдаяттарды шешу.

1 – сұрақ 
Егер ойламаған жерден сен лоторея ұтысынан миллион теңге ұтып алдың, оны қалай жұмсар едің?

2 – сұрақ
Сенің үйіңе ымыртта бір танымайтын кісі келіп, қонатын жері жоқ екенін, таңертеңге дейін үйге қондыруын сұрады. Ал сенің үйіңде онсыз да қаладан келген туыстарың бар еді. Анаң үйде қонақ көп екенін айтып, ол кісіні қондырғысы келмегенін айтты. Сен не істейсің?

 

3 – сұрақ

Кешқұрым сен сабақтан келе жатып автобуста бір өзің қатарлы қыздың билет тексерушіге ақшасының таусылып қалғанын айтып, баратын жеріне дейін ала кетіңізші деп жалынып - жалбарынып тұрғанын көрдің. Ал билет тексеруші ол қызды алып кеткісі келмегенін байқадың. Сен бұл кезде не істер едің?

4 – сұрақ
Қалада апаңның үйіне бардың. Сені дүкеннен нан әкелуге жұмсады. Сен дүкеннен нан алып келе жатқанда бір 5 - 6 жасар жылап тұрған қызды кездестірдің. Ол адасып кеткен сияқты. Сен оған көңіл бөлер ме едің?

5 – сұрақ
Жанна өте ақкөңіл болатын. Өзі жақсы оқитын. Ол барлық балаға білгенін айтып, көмек беруден жалықпайтын. Ол бірде сырқаттанып, сабаққа келмей қалды. Өзі сабақтардан өткен тақырыптарды меңгермей қалды. Ал досы Нұр - гүл болса, оған көмек беруді ойламады да. Сен не істер едің?

 

Жомарттық, кеңпейілдік сөздерін қатыстырып, өлең құрастыру.

1)...........................болмасын, (сараңдық)

............................ қолдасын. (әділдікті)

.............................қарасақ, (жақсылықпен)

.............................болашақ (нұрлы болар)

 

2)...........................қиянат,(жақсылыққа)

...............................ұялат.(жасаған)

................................жүрейік,(кеңпейіл боп)

...............................білейік.(жомарттықты)

 

 

 

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жазыңдар.

Қажетті сөздер:жомарттық, жақсы,кең, сыйлық, жолы ашық, жомарт, кеңпейілділік, жомарттық.

.................................. бергенін айтпайды.(Жақсы)

.................................. жолыңды ашады.(Жомарттық)

 

 

Сыйлықтың жақсысы шын көңілмен берген.

Қолы ашықтың - ....... ............ .(Жолы ашық)

...... ..... ішінде кен жатады.(Жомарт адамның)

Дәптермен жұмыс

100 беттегі мәтінді оқып, екі мәтіннің ерекшеліктері мен екеуіне ортақ тұстарын тауып, дәптерге жазу

 

Сабақтың

Соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

Қорытынды: «Ақкөңілділік, жайсаң мінезділік, дарқандық, мырзалық жомарттықты білдіреді. Адамның кеңпейілділігі риясыз жақсылықтар мен игі істерден көрінеді. Мырзалық, қолы ашықтық, дарқандық, кеңдік, молқолдылық жомарттықты білдіреді. Адамның жомарттығы бір адамның екінші адамға қайтарымсыз, міндет етпестен қызмет қылып, жақсылық жасауға кеңпейілділігінен, нақты ісінен көрінеді. Жомарт болу үшін дүние дәулеттің мол болуы шарт емес. Оны өздерің ертегіден көрдіңіздер.

 

 

Соңғы тыныштық сәтi.

Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!

 

Үй тапсырмасы.

101 беттегі Ермек Өтетілеуұлының «Жомарт» әңгімесін оқып келу. Дәптердегі 50 бет.

Қосымша ақпарат

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

 Оқушыларға түрлі әрекеттермен жұмыс жасау ұсынылады.

 

 

 

 

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім ?

 

Қорытынды бағамдау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет

Просмотров: 1291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст