"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанаталап отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алтын қақпа" интеллектуалды ойын

22.11.2021

Тақырыбы:Алтын қақпа

Мақсаты:Оқушылардың ана тілі пәнінен білетін сөздіктерін есте сақтату.

                 Дүние танымдарын кеңейту.

                 Есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі:алтын,күміс,тас қақпалар және  алтын  сандық.

Жүру барысы:

              1.Кіріспе сөз.-Балалар, 3-4 сыныптар аралығында «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз.

                              Бұл ойынды теледидардан көріп те жүрген шығарсыңдар.Білімді болу үшін көп оқып,теледидардан интеллектуалды 21-ғасыр көшбасшысы, «Алтын сақа», «Тапқыр достар» т.б.қазақ тіліндегі көп ойындарды көп көру керек.

-Ендеше,осы ойынның жүлдегері болуларыңа сәттілік тілеймін.

 Ойын шарты:

Ойынға қатысушылар тыныштықта болады, сыбырласуға болмайды.Ойыншыларға жалпы сұрақ

қоямын,оны тапқан ойыншы қақпадағы құлыпты ашады.Сол ойыншы ортаға шығып,№1,№2,№3.

Сұрақтың біреуін таңдайды.Сол сұрақ қойылып, оның жауабын таба алса ,келесі күміс қақпаға өте алады. Ойыншы әр қақпаға байланысты сұраққа жауап берсе,алтын қақпаның ішіндегі сандықтың

сұрағына  да жауап бере алса,тиісті сыйлығын алады.Егер әрі қарай қақпаны ашпаймын десе,тиісті

сыйлығын алып,ойынды жалғастырмай-ақ қоюына болады.Ең сыйлы сыйлық «Алтын қақпадағы»

сандықтың ішінде,оның сұрағы да қиындау болады.

Сонымен ойынды бастайық.

 

Құлыптың сұрағы:    Көтеріліп теңізден,

                                      Аспанға биік барамын

                                     Биіктен қайта түскенде,

                                     Өңі кірер даланың.

                                                                  (Жаңбыр)

Тас қақпа сұрағы:

№1.Қазына деген не?(дүние-мүлік,жиһаз,бағалы заттар,байлық)

№2.Қырат деген не?(биіктен дөңес жер)

№3.Өлке деген не?(аймақ,өңір,дала)

 

Күміс қақпа сұрағы:

№1Зиян деген не?(залал,пайдасы жоқ)

№2Арасан деген не?(минералды жылы су)

№3Мұздық деген не?(жылжымалы мұз шоғыры)

 

Алтын қақпа сұрағы:

№1 Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орын алады?(9орын)

№2Жыра қайдан пайда болады?(судың жер бетін жырып,тілімдеуінен пайда болады)

№3Жанғыш пайдалы қазбаларды ата.(тас көмір,мұнай,газ)

 

Сандық сұрақтары:

№1Жасақ деген не?(әскер)

№2Байлам деген не?(шешім,тоқтам)

№3Қорық деген не?(ерекше қорғауға алынған аймақ)

 

2.Құлып сұрақтары:  Көзге көрінбейді,

                                    Қолға ілінбейді.

                                                                 (Жел)

 

 

 

 

 

 

Тас қақпаның сұрағы:

№1Түк деген не?(жануардың денесіндегі майда жүн)

№2Суат деген не?(өзеннің мал суаратын жері)

№3Үңгір деген не?(жер қыртысындағы қуыстар)

 

 

Күміс қақпаның сұрағы:

№1.Шәркей деген не?(киізден тігілген аяқ киім)

№2Дала деген не?(ормансыз жазық алқап)

№3Шөл деген не?(суға тапшы аймақ)

 

Алтын қақпа сұрағы:

№1Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата.(тұз,фосфорит,асбест)

№2Құрылыс материалдар тобын ата.(гранит,құмтас,әктас,ұлутас,саз,құм)

№3Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктерді ата.(уқорғасын,сарғалдақ)

 

 

Сандық сұрақтары:

№1Ауа қалай ластанады?(Адамның іс-әрекеті арқылы)

№2Тұңғыш қазақ ғарышкері.(Тоқтар Әубәкіров 1991 ж)

№3Қабанбай батыр кімдермен соғысты?(жоңғарлар)

3.Құлып сұрағы:    Бір түкті кілем,

                                Бір түксіз кілем.

                                                                (Жер мен аспан)

Тас қақпа сұрағы:

№1Үй жануарларын атап,пайдасын айт.

№2Шөл жануарларын ата.(қарақұйрық,ақбөкен)

№3Нар деген не?(жалғыз өркешті түйе)

 

Күміс қақпа сұрағы:

№1Мұнай деген не?(майлы,сұйық зат.Ол жанғанда қызуды көп бередітүгел жанып кетеді)

№2Мал терісінен қандай бұйым жасалады?(тон,торсық)

№3Күйлі деген не?(семіз,қомды)

 

Алтын қақпа сұрағы:

№1Орман құстарын ата.(тоқылдақ,шымшық,көкқарға,жапалақ)

№2Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан?(Евразия)

№3Шаруа қожалығы деген не?(ауылдық жерлердегі еңбек бірлестігі)

 

Сандық сұрақтары:

№1Қазақстандағы ірі өзендерді ата.(Жайық,Іле,Ертіс,Сырдария,Есіл,Нұра)

№2Түсті металдарды ата.(мыс,қорғасын,мырыш,алюминий)

№3Қабанбай батырдың шын аты кім?(Ерасыл)

 

4.Құлып сұрағы:    Қанатты бір тышқан,

                                Жасырынып күндіз,

                                Қараңғыда ұшқан.

                                                              (Жапалақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

Тас қақпа сұрағы:

№1Мұрат деген не?(алға қойған арман)

№2Гүлзар деген не?(екі жағына ағаш отырғызылып жасалған жол)

№3Ділдә деген не?(алтын ақша)

 

Күміс қақпа сұрағы:

№1Байқоңыр деген не?(ғарыш әлеміне сапар шегетін жер)

№2Арабтың кітап деген сөзі нені білдіреді?(жазба,жазу)

№3Жігіттің неше жұрты бар?(өз жұрты ,нағашы жұрты,қайын жұрты)

 

Алтын қақпа сұрағы:

№1Бөле деген кім?(апалы-сіңлілі қыздардан туған бала)

№2Нағашы деген кім?(өз шешеңнің төркін жұрты)

№3Әскер деген кім?(18-ге толған дені сау жігіт)

 

 

 

 

 

Сандық сұрағы:

№1Қызыл кітапқа енген жануарларды ата.(аққу,құндыз,бірқазан,жұпар тышқан)

№2Тіршілігі сумен байланысты жануарларды ата.(суаршын,сүңгуір қоңыз,құндыз)

№3Тәулік деген не?(жердің өз білігінен айналып шығуы)

5.Құлып сұрағы:   Құрғақ жерде сақтайсың,

                              Менсіз тамақ татпайсың.

                                                                     (Ас тұзы)

Тас қақпа сұрағы:

№1Ауылға қажетті мамандықты ата.(сауыншы,малшы)

№2Қосмекенділер деген не?

№3Шырша деген не?

Күміс қақпа сұрағы:

№1Ауа деген не?(түрлі газдың қосындысы)

№2Кен орындары деген не?(пайдалы қазбалардың шоғырлануы)

№3Алпауыт деген не?(зор денелі,қаракүштің иесі)

Алтын қақпа сұрағы:

№1Демократия дегшен не?(халық билігі)

№2Тәуелсіздік деген не?(өзін дербес мемлекет деп санау)

№3Қ.Р.Конституциясы қашан қабылданды?(1995ж 30 тамыз)

 

№2

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1126


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст