"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанаталап отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Асыл ана" атты ертеңгілік

20.03.2019

«Асыл Ана»  атты ертеңгілік

Сәби  жарық дүние есігін ашардан бір күн бұрын жаратушыдан сұрапты.

Сәби:

  • Мені ертең  дүниеге жібереді, бірақ мен ол дүние есігін ашуға  қорқамын.
  •  
  • Ештеңеден қорықпа,балақай! Мен саған әрдайым жаныңнан табылатын мейірімді ,қамқоршы сыйлаймын. Ол үнемі сенімен бірге болады.
  •  
  • Бірақ мен оның тілін түсінбеймін ғой.Онымен қалай сөйлесемін?
  •  
  • Қамқоршың саған өз тілін сабырмен үйретеді.
  •  
  • Жер жүзінде көптеген жаманшылықтар болады. Мен өзімді қалай қорғаймын?
  • Жаратушы:
  • Қамқоршың сені қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып,барлық жамандықтан қорғайды.
  •  
  • Менің қамқоршым періштенің есімі кім?
  •  
  • Есімінің маңызы жоқ,бірақ сен оны «Ана» деп атайсың. Сенің қорғаушы періштең ол- Ана!

 

Ана- жүрек, Жүректі құдіретте,

Ана- тірек,  Тіректі құрметте.

Ана-шыңың, Шыңыңа сағынып жет,

Ана-күнің, Күніңе табынып өт!

Бүгін 8 наурыз халықаралық әйелдер күні.Адамзат атаулыға өмір берген –аналар мейрамы. Бұл күнді үлкен-кіші ерекше сезім-ілтипатпен асыға күтеді.Өйткені бұл ең алдымен әйел-анаға деген тағзымбелгісі, нәзіктік пен сұлулықтың, пәктік пен қайраттың, төзім мен адалдықтың алдында бас игізер күн.

Олай болса:

Қош келдіңіздер ,аяулы аналар,асыл әжелер,құрметті ұстаздар, қызғалдақ қыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың!

 

Армысың,ақжаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгерім.

Ардақты аналардың мейрамында

Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.

Ән: « Анашым» орындайтын 2-сынып

Аруана өмірдің асылдары

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен би

Сіздер үшін мереке шашулары.

Ән: «Ана туралы жыр» Санжар,Ернұр орындайды.

Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып.

Гүлге бөлеп даланы,

Әнге бөлеп қаланы

Көрікті көктем келді.

(Ортаға музыкамен көктем келеді)

Көктем:   Мен көңілді көктеммін

Былтыр да келіп кеткенмін.

Құшағым гүлге толсын деп,

Нөсерімді төгемін.

Ару көктем,қош келдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге оранды.Сондықтан ару көктем, біз саған ризамыз.

Біздің халық өнерпазға бай тегі ,

Әнші деп те ,күйші деп те айт оны.

Күлімдеген көктемге ана жайлы

Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді.

Ән: «Аналардың тілегі» 3-сынып қыздары

Көктем:  Гүлдердің сан алуан,

         Түрлерін мен білемін.

Сол гүлдерді өсіріп,

Аялаумен келемін.

Бәйшешек:

Көктем гүлі бәйшешек,

Мен боламын қараңдар.

Наурыз,сәуір айында

Мен шығамын жайқала.

Қызғалдақ:

Қырқалардың төрінде

Қаулап көзге ұрамын.

Құлпыра жайнап өңірде

Қып қызыл боп тұрамын.

Жауқазын:

Жауқазынмын жайқалған

Сұлу гүлмін жайнаған,

Көктемде мен гүлдесем

Құлпыра кетер айналам.

Раушангүл:

Әдемімін,сұлумын,

Менен қай гүл аса алған.

Мен боламын раушангүл

Гүл патшасы атанған.

Көктем:  Кең даламды хош иісімен,сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап, би билеп берейік.

Би: Гүлдер

Ардақты асыл аналар! Мінекей күлімдеген көктем келіп, айналамыз құлпырып кетті.

1.Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

2.Әлпештеген,аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

3.Мәпелейді,әлдилейді ,бағады

«Құлыным» деп құшағына алады

Өзгеге де ,өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?

4.Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

 

5.Барша ана құтты болсын мерекеңіз

Әрқашан ана сізбен берекеміз

Ақтасақ асыл анам ақ сүтіңді

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

 

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

          Бұл күні сұлулықтың үлкені осы

          Қыз сұлу көрінеді білімімен.

Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,

Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.

Дарытқан бар асылды өз елінен,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен.

 

Арулар- асыл жанжар!

Шуақ боп шашылғандар.

Қуат боп тасығандар

Құшақ боп ашылғандар

Арулар-асыл жандар!-

дей келе мектебіміздің қыздарын мерекелерімен құттықтай отырып мына ән сендерге арналады.

 

Үкілі кәмшат

 

«Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»

Құрметті,  асыл аналар,арулар! Өздеріңізге арнап жыр жазбаған ақын,ән арнамаған сазгер кем де кем.

Ендігі тыңдайтындарыңыз Фариза Оңғарсынованың өлеңі «Анама»  Оқитын Құсайынова Әния.

 

Енді ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың «Ана сен бақыттысың» өлеңі,оқитын Жұматаева Жұбаныш.

Енді назарларыңызға би вальс:2-3 сынып оқушылары.

Ана – біздің күніміз,

Ананың біз-гүліміз!

Бізді ,ана, қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

 Деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М.Мақатаев

Ана, сен  бақыттысың,

  •  

Жай түсіп жатқанда да құламағын

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның.

Сондықтан жыламағың,жыламағың!

Бармын ғой,

Тірімін ғой,

  1.  

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып ,өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

 

Мен сенің қанықпын ғой көз-жасыңа

Өзім кепіл тот басып,тозбасыма

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

 

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

  •  

Сен бақыттысың,тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді...

 

 

Просмотров: 805


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст