"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанаталап отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

20.03.2019

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫ МЕН СЫНЫПТАРЫНДА 

ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Мектепалды даярлық білім беру жүйесі алғашқы саты ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, 6-7 жастағы балалардың зияткерлік және денесінің дамуы үшін жағдайлар жасайды.



Қазіргі таңда мектепалды даярлық мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.

Мектепалды даярлықтың негізгі міндеті – балалардың мектепте оқуға уәжін және оған эмоциялық дайындығын қалыптастыру.



Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы, зияткерлік, дене дамуын, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. 

Міндеттері: 

– балаларды мектепте оқуға мақсатты бағытпен және жүйелі дайындау; 

– жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту; 

– ұлттық, жалпы адами этикалық және мәдени құндылықтарға балаларды баулу, баланың зияткерлігін дамуы; 

– рухани-адамгершілік құндылықтарды, отансүйгіштік, төзімділікті қалыптастыру; 

– балалардың коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру; 

– білуге құмарлықты, шығармашылық белсенділік пен бастамашылықты дамыту; 

– балалардың денесі мен психикалық саулығын нығайту; 

– білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

2016-2017 оқу жылында мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес ұйымдастырылады.



Әдістемелік-нұсқаулық хат жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепалды даярлық сынып педагогтері мен мамандарының қызметін ұйымдастыруды қарастырады.

Аталған хат мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және мектепалды даярлық сынып педагогтері мен мамандарына, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығы үшін әдістемелік нұсқаулық болып табылады.

 

Просмотров: 830


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст